Тәуелсіздік бесігінде тербелген—Қазақстан
Бұл мақала тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап жазылды. Осы 30 жыл ішіндегі еліміздік дамуы мен жетістіктері жайында жаздым.
Тәуелсіздік—әлемдегі ең құдіретті сөз. Себебі бұл тәуелсіздікке жеткендер де, жетпегендер де бар. Атадан балаға мирас болған кең даланы сақтап қалу оңайға тиген жоқ. Озық ойлы ағаларымыз бен батыр да білімді жастарымыздың арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол 1991 жылдан бері тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп келе жатқанымызға 30 жыл болды. Осы аз ғана уақыт ішінде жеке мемлекет болып, рәміздеріміз бен мәдениетімізді қалыптастырып, дініміз бен тілімізді және салт-дәстүрімізді жаңғыртып, әлемге танытып, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болдық.
Осылайша дамып, өркендеп жатқанымыз жайлы айтып, білімі мен батылдығы жарасқан еліміздің тұңғыш Президенті—Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетке сіңірген еңбектерін айтпай кету үлкен қателік дегім келеді. Еліміздің билігін қолына алғаннан бастап,...