Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Декабрь
2021

Жаңа жылды ақшасыз қарсы алмас үшін…

0

Уақыттың қалай жылдам өтіп кететінін көбіне байқамай қаламыз. Көзді ашып-жұмғанша жаңа жыл да келе қалады. Көп жағдайда жаңа жылға бір-екі күн қалғанда дастарханға қажетті азық-түлік, жақындарға арналған сыйлық және өзімізге мерекелік киім қарауға кірісіп, уақыт та, қаражат та жетпей қалады. Сондықтан кей нәрселерді қараша айында жоспарлап тастаған жөн. 1. Сапарыңызды алдын ала жоспарлап, билет сатып […]

Сообщение Жаңа жылды ақшасыз қарсы алмас үшін… появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Уақыттың қалай жылдам өтіп кететінін көбіне байқамай қаламыз. Көзді ашып-жұмғанша жаңа жыл да келе қалады. Көп жағдайда жаңа жылға бір-екі күн қалғанда дастарханға қажетті азық-түлік, жақындарға арналған сыйлық және өзімізге мерекелік киім қарауға кірісіп, уақыт та, қаражат та жетпей қалады. Сондықтан кей нәрселерді қараша айында жоспарлап тастаған жөн.

1. Сапарыңызды алдын ала жоспарлап, билет сатып алыңыз
Жаңа жылды басқа қалада өткізуді ойласаңыз, билетті қараша айында алып тастаған жөн. Біріншіден, желтоқсанда билет болмай қалады. Екіншіден, желтоқсанда билет бағасы әдеттегіден қымбат болып кетуі мүмкін.

2. Достарыңыз бен отбасы мүшелеріне сыйлық таңдаңыз
Сыйлықтарды қараша айында сатып алудың артықшылықтары:
— Жақындарыңызға арналған жақсы сыйлықты ойластыруға уақыт болады;
— Шопингке арналған уақытты өзіңіз таңдай аласыз және үлкен кезекте тұрмайсыз;
— Ешқайда асықпағандықтан заттардың бағаларын салыстырып, тиімдісін таңдау мүмкіндігі болады;
— Бюджетті дұрыс жоспарлай аласыз.
— Интернет-дүкеннен сыйлық тапсырыс беруге қорықпайсыз. Себебі оның келіп үлгеретіндігіне сенімді боласыз.

Ал жаңа жылдық атмосфераны сезінгіңіз келсе, тәтті сыйлықтар мен шырша ойыншықтарын желтоқсан айында асықпай алсаңыз болады.

3. Жаңа жылдық қойылымдарға билет алыңыз
Балаларыңыз бар ма? Ендеше, жаңа жылдық концерттер мен қойылымдарға билетті қараша айында алып тастаңыз. Себебі бір ай бұрын жақсы бағаға жақсы орындар алуға мүмкіндік болады. Мұндай билеттерді жақындарыңызға сыйлық ретінде де беруге болады.

4. Жаңа жылды қарсы алатын жерден орын брондаңыз
Жаңа жылды үйден қарсы алмайтын болып шешсеңіз, баратын мейрамханаңыздан орын брондаңыз. Желтоқсанның ортасында орындар қалмай қалады. Ол жерге кімдермен бірге барасыз? Мысалы,  достарыңызбен хабарласып, бірге бір үстелден орын алуға тырысыңыз.

5. Жаңа жылдық фотосессияға жазылыңыз
Мерекелік атмосфераны сезінудің және жағымды естеліктер қалдырудың бір әдісі – жаңа жылдық фотосессия. Фотографтар желтоқсан айына арналған жазбаны қараша айында ашып қояды. Ертерек фотосессияға жазылудың бірнеше артықшылықтары бар:

— Күні мен уақытын өзіңіз таңдай аласыз;
— Фотосессия ертерек болса, суреттер жаңа жылға дайын болады;
— Суреттерді туыстарға арналған сыйлыққа қолдануға болады. Мысалы, әжесіне естелік ретінде немерелерінің суреті бар кәдесый дайындап беру.

6. Мерекелік кешке киетін киіміңізді ойластырыңыз немесе сатып алыңыз
Әр әйел мерекелік кеште әдемі киініп жүргісі келеді. Көйлегіңіз өзіңізге жарасымды болса, көңіл күйіңіз де көтеріңкі болады. Егер жаңа жылдық кешке жаңа көйлек аламын деп шешкен болсаңыз, оны қазірден бастап алып қойған жөн. Әйтпесе, басқа шаруаларды шешіп жүргенде көйлек қарауға уақыт та, ақша да болмай қалуы мүмкін. Жаңадан алмайтын болсаңыз, қай көйлегіңізді киетініңізді ойластырып қойыңыз.

7. Мерекелік дастарханды ойластырыңыз
Жаңа жылды үйден қарсы алатын болсаңыз, дастарханыңызға не қоятыныңызды алдын ала ойластырып, қажетті азық-түлік тізімін жасап қойыңыз. Балалардың ойында отбасымен бірге өткізген мерекелік отырыстар, жыл сайын қойылатын бірдей тағамдар жылы естелік болып сақталып қалады. Сондықтан түрлері ерекше әрі дәмді тағамдар мен десерттердің рецептілерін іздеңіз. Мерекелік дастарханға арналған печенье немесе торт пісіру процесіне балаларды араластырыңыз. Мысалы, безендіруді тапсырыңыз.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Сообщение Жаңа жылды ақшасыз қарсы алмас үшін… появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин: Городские вокзалы объединяют маршруты





Москва

Два дня, наполненных театром, музыкой, книгами и наукой, — в Парке Горького во 2-й раз прошел Московский детский фестиваль искусств «НЕБО»


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин. Главное за день



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Тимати

«Звездач»: рэпер Тимати приобрел мотоцикл за 3,1 млн рублей




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Дмитрий Вязьмикин – тренер по индивидуальной подготовке молодежного футбола «Локо»

Генпрокуратура потребовала передать государству велотрек с Олимпиады-80

Чемпионат по служебному биатлону состоялся в столичном главке Росгвардии


Даниил Медведев

После поражения де Минору россиянин Медведев завершает выступление в престижном теннисном турнире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Дом для уток спустили на воду на Ядреевском пруду в Мытищах



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России