Вакцинацияланған зейнеткерлер арасында санаторийге жолдаманың ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 желтоқсанда, 28 қазан мен 28 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған зейнеткерлер арасында Қазақстан санаторийлеріне жолдамалардың ұтыс ойыны өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.