Елордада мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындарына үндеу жолдап, мереке күндері адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуға және эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін карантиндік шараларды сақтауға шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.