Тарих ғылымы мен психология арасында байланыс қандай? (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кәсіби тарихшылар даярлаудағы жаңа үрдістер)
Көпшілік тарих ғылымын қазіргі кезге дейін марксизм парадигмасында қабылдайды. Ал біз білуіміз керек: ХХ ғасырдың ортасынан бастап Батыста «антропологиялық бетбұрыс» деп аталатын парадигмалды құбылыс орын алуына байланысты әлеуметтік тарих, мәдени антропология, микротарих, психотарих, діл тарихы және т.б. бағыттар қарқынды дами бастады. Замануи университеттерде тарих ежелден мәдениеттану, әлеуметтану, психология және т.б. көптеген сабақтас ғылымдармен біріктірілген.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары білікті тарихшыларды дайындау заман ағымына ілесуде. Бакалавриат, магистратура және докторантураның оқу жоспарлары мен бағдарламаларына жаңа перспективалық курстар, соның ішінде пәнаралық көзқарасты көрсететін курстар енгізілуде. Белгілі тарихшылар, ғылым докторлары мен профессорлар тарапынан дәрістердің жаңа курстарын әзірлеуде, соның арқасында отандық тарих ғылымын дамытуда, оның...