Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Апрель
2022

Адвокат Ғалым Нұрпейісов ҰҚК қызметкерлері үйін тінтігенін хабарлады

0
Адвокат Ғалым Нұрпейісов ҰҚК қызметкерлері үйін тінтігенін хабарлады

Адвокат Ғалым Нұрпейісов ҰҚК қызметкерлерінің әйелі Шалипа Бекқұлованы Шымкенттегі қаңтар оқиғасына байланысты тергеп, 23 сәуірде үйін тінткенін хабарлады. "Ар.Рух.Хақ" құқық қорғау ұйымының заңгері Шалипа Бекқұлованың тергеліп жатқаны үш күн бұрын хабарланған еді. 

Адвокат Ғалым Нұрпейісов пен оның әйелі, заңгер Шалипа Бекқұлованың үйіне ҰҚК-ның Шымкент қалалық департаменті қызметкерлері сенбі күні таңертең келген. Олар Шымкент қалалық тергеу сотының тінтуге санкция бергені жайлы қаулысын көрсеткен. 

"Тергеу сотының қаулысында 1995 жылдан бері заңды некеде тұрған әйелім Шалипа Бекқұлованың Шымкенттегі қаңтар оқиғасына қандай да бір қатысы бар деп айтылған. Шалипа Бекқұлова құқық қорғау ұйымының заңгері ретінде міндеттерін атқарып, жұмыс істеген. Ешқандай заң бұзған жоқ. Бұған дейін оны куәгер ретінде тергеген" деді Ғалым Нұрпейісов 23 сәуірде кешке Азаттық тілшісіне. 

Шалипа Бекқұлованың тергеліп жатқанын үш күн бұрын "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина да хабарлаған еді.

Ол Facebook парақшасында "Біз әріптестерімізбен бірге 5 қаңтарда – елде интернет өшіп, тәртіпсіздік басталған кезде – жағдайларын білу үшін Қазақстандағы саяси белсенділерге хабарласып шықтық. Қазір тергеліп жатқандар мен қамалғандардың интернет жоқ болған күндегі мобильді қоңырауларын тексеріп, тергеуге шақырып жатыр" деп жазған еді құқық қорғаушы. 

Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, тергеушілер ештеңе тәркілемеген. Ол мұны "Қаңтар ақиқатын анықтауға тырысып жатқан құқық қорғаушыларға қысым жасау талпынысы" деп бағалады. 

"Адвокаттардың үйінде тінту адвокатқа қозғалған қылмыстық іс бойынша жүргізіледі және оған қорғаушы мен адвокаттар қауымдастығының өкілдері қатысуы тиіс. Ал олар әдеттегідей келіп, тінту жүргізді. Сол себепті мұны адвокатқа қысым, сәйкесінше құқық қорғау ұйымына қысым жасау талпынысы деп бағалаймын. Бұл менің пікірім" деді Ғалым Нұрпейісов. 

Азаттық тілшісі Шалипа Бекқұлованың өзінен пікір ала алмады. 

Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қалалық департаментінен жауап алу мүмкін болмады.  

Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда түрлі баппен мыңдаған қылмыстық іс қозғалды, жүздеген адам күдікті ретінде қамауға алынды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында мұнша көп адамның ұсталып, жәрдем сұрауымен алғаш рет кездескен құқық қорғаушылар осыған дейін альянсқа бірігіп, мұқтаж азаматтарға құқықтық көмек көрсете бастаған еді. 

Олардың арасында "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қоры да бар. Аталған ұйым Қаңтар қырғынында мерт болғандардың тізімін жасауға алғашқылардың бірі болып кіріскен. Ұйым Қазақстандағы азаматтық белсенділердің құқығын қорғаумен айналысады. 

Қазақстанда құқық қорғаушылар жиі қысымға ұшырайды. Осыған дейін халықаралық жиындарда Батыс елдері Қазақстан билігінен құқық қорғаушыларды, белсенділерді, журналистерді қудалауды тоқтатуға шақырған.

2 қаңтарда Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында сұйылтылған газ бағасының көтерілуіне қарсылықтан бастау алған жаппай наразылық бірер күнде Қазақстанның барлық өңірін қамтыды. Бірқатар қалада наразылықтың аяғы қантөгіске ұласты. Ресми мәлімет бойынша, 238 адам көз жұмды (арасында күш құрылымдарының 19 қызметкері бар). Бірақ билік қаза болғандардың аты-жөнін әлі күнге жарияламай отыр.

Ресми дерек бойынша, Қаңтар оқиғасынан кейін қозғалған істер бойынша елде 214 адам сотталған. Олардың 20-сына түрме жазасы кесілген.

Бас прокуратура дерегінше, қазір тергеу органдары осы санатқа жататын барлығы 4849 істі қарап жатыр, 627 күдікті сот шешімі бойынша абақтыда отыр.

Ақпанның ортасында ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысы Жанат Ешмағамбетов тергеу кезінде азаптау болғанын жоққа шығарған. Кейін бас прокуратура азаматтарға тергеу кезінде "рұқсат етілмеген тәсілдер қолданды" деген күдікпен тоғыз адам (ҰҚК-нің сегіз қызметкері мен бір полицей) қамауға алынғанын мәлімдеді.

Наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандарды азаптауға байланысты 234 қылмыстық іс қозғалғанын, азаптау салдарынан кемінде сегіз адам қайтыс болғанын хабарлады.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин. Главное за день





Москва

Студенты Академии Игоря Крутого раскрыли свои таланты


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: Начался прием заявок на конкурс грантов для социальных НКО



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Анастасия Волочкова

«Это конец артистки»: Зверев уверен, что проблема Волочковой не в алкоголизме




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Баскетболисты из Лобни завоевали золото на турнире Moscow Open

Дмитрий Вязьмикин – тренер по индивидуальной подготовке молодежного футбола «Локо»

Среди сотрудников уголовно-исполнительной системы Республики Дагестан определили лучшего гроссмейстера


Варвара Грачёва

Осталась в одиночестве: Андреева победила Грачёву и вышла в четвертьфинал «Ролан Гаррос», Медведева остановил де Минор



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Металлоперерабатывающий цех запущен на земле за 1 рубль в Домодедове



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России