Қорғаныс министрлігінде «Әскерде нөлдік өлім» бағдарламасы әзірленеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қарулы күштерінде жеке құрамның қаза болуы мен жарақаттану себебін анықтайтын, оның нәтижесімен «әскерде нөлдік өлім-жітім» шаралар кешенін әзірлейтін жұмыс тобы құрылды. Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жазғы оқу кезеңінің басталуына байланысты өткен кеңесте осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.