Қытай алғашқы орбиталық станциясының құрылысын аяқтайды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Құрамында үш тайконавт (Қытайда ғарышкерлерді осылай айтады) бар «Шэньчжоу-14» ғарыш миссиясы ҚХР-ның «Тяньгун» («Аспан сарайы») алғашқы орбиталық станциясының құрылысын аяқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Қытай басқарылатын ұшырылымдар ғарыш агенттігіне (CMSA) сілтеме жасап.