Қырғызстанда Қазақстанның дінаралық диалогті дамытудағы рөлі талқыланды
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Бішкектегі Абай Құнанбаев мәдени орталығында «Адамзаттың рухани, әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі» атты баспасөз брифингісі өтті. Іс-шара 14-15 қыркүйек аралығында елімізде болатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.