Жасанды интеллектің қоғамда ойын көрсету проблемалары
Қазіргі заман адамдық ойдың, сананың дамыған уақыты. Түрлі елдің ғалымдары әр алуан функцияны басқара алатын күрделі механизмді жасанды жолмен жасауға тырысып бақты. Осыдан әлемдегі ірі өзгерістің бірі- «жасанды интеллект» пайда болды. Менің ойымша жасанды интеллект бізді айнала қоршап тұр. Адамның ақыл-ойынан шыққан бұл алып, оның санасын жасанды жолмен ұрлауда.Ғылымның ең үлкен жетістігі тіпті сіздің қолыңызда. Google қосымшасының өзі жасанды интеллект болып табылады. Онда сіз туралы ақпараттар бар. Google браузерінің іздеу принципі 28x28 пиксель жүйесіне негізделген. Сіз сұратқан ақпарат компанияның дата орталықтарындағы ақпарат қорынан ізделеді. Браузердің алгоритмі релеванттық анализдеу жүйесі сіз сұраған ақпаратты дәл анықтап, ретімен нақты ұсынуға үйретілген. Осы қосымшаның...