Шәкәрім шығармаларындағы метафоралық қолданыстар
Мақала Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі оккозионалды метафораның құралымы жайлы жазылған.
«Тіл білімі сөздігінде»: «Метафора — (грек. metaphora — ауыстыру) троптың бір түрі, ұқсастық, сəйкестік негізінде сөздер мен сөз орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы» [1, 220] деп беріледі, ал метафоралану «... ауыспалы мағынаның пайда болуы мен оның экспрессивті қасиеттерінің күшеюі нəтижесінде сөздің мағыналық аумағының кеңеюі» деп түсіндіріледі [1. 220]
Жалпы-метафоралық құбылыстың теориялық парадигмасы Аристотельден бастау алады. «Поэтика» және «Риторика» атты трактаттарында метафораны, ең алдымен, стилистикалық тәсіл ретінде қарастырады:
Метафора балама (ұқсату) яки салыстыруға құрылады;
Метафора түсініктілік пен жұмбақтылықты байланыстыруы тиіс;
Метафора белгілі дүние туралы білім негізінде белгісіз дүниені тануға мүмкіндік және оған атау береді;
Метафора түсінікті қалыптастыруда жеке акт болып саналады [2,...