Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты алғашқы интерндер легін шығарды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты интернатура бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған дәрігерлерге диплом тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.