Алматы автодилерлеріне монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін ескерту жасалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қаладағы ірі автосалондардың әрекетінен монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.