Ақтөбеде осымен бесінші мәрте Baqytty Bala халықаралық байқауы өтеді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 9-14 тамыз аралығында «Baqytty Вala-2022» ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы өтеді. Әлемнің 8 елінен келген 10-16 жас аралығындағы талантты 20 жасөспірім Ақтөбедегі Өнер орталығында бас жүлде үшін бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.