Тамаша талант туралы толғаныс
Ол күні Москва самолеті кешікпей, мезгілінде келді. Жазушылар одағы қармасының кезекті пленумынан қайтқан қаламдас ағаларды Алматы аэропортында таң қараңғылығында қарсы алдық.
Ақын ағаның үйінде екеуміз ғана әңгіме әңгімелесіп отырмыз. Әңгіме бір ауық пленум жайына ауысса, енді бір сәтте жазушылар бригадасының Батыс Қазақстанға баратын сапарына қарай ойысады.
Саған биыл Нарынды аралатамын, Орданы көрсетемін, — дейді ол сөз арасында.
Ол маған өз жоспарларын әңгімелейді.
Шағындау ғана екі поэма жазсам деймін. Біреуі Ленин туралы. Әзірше шартты аты —
«Ильич көзімен». Екіншісін — «От ішіндегі қыз» деп атағым келеді. Мәншүк туралы.
Ол от жанарлы үлкен көзін маған қадайды. Сөйтеді де сал күлімдеп:
— Екеуінің...