ТОП-10: балалармен көруге болатын мультфильмдер топтамасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бала тәрбиесінде мультфильмнің алатын орны ерекше. Бір қарағанда ойын-сауық контенті болып көрінетін анимациялық фильм балалардың құндылықтары мен көзқарастарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әсіресе, балалардың бос уақыты көп жаз мезгілінде мағыналы ой салатын мультфильмдерді көру олардың дүниетанымын кеңейтіп, көп дүниеге көзқарасын өзгеріп, сыни ойлау қабілетін дамыта түседі. Сонымен қоса мультфильмді бірге көру ата-ана мен баланың қарым-қатынасын одан әрі жақсартып, түрлі тақырыптарда ашылып әңгімелесуге мүмкіндік береді. Өйткені бұл анимациялық фильмдер тек балаларға ғана емес, үлкендерге де арналған. Сондықтан да соңғы жылдары жарыққа шығып, көрерменнің көңілінен шыққан мультфильмдер тізімін ұсынамыз.