Кәдімгі темекі мен электронды темекінің ағзаға тигізетін зияны бірдей ме
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, темекі шегу салдарынан жыл сайын әлемде 8 миллионнан астам адам қайтыс болады. Ал Қазақстанда шылымның кесірінен жыл сайын 18 мың адам көз жұмады екен. Дегенмен, соңғы жылдары жағдай жақсарып келеді. Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын елімізде бұл көрсеткіш орта есеппен 25 мың адам болған. Мамандар бұны қазіргі таңда салауатты өмір салтын ұстанатындардың көбеюімен және темекі өнімдеріне салынатын салық түрлерінің артуымен байланыстырады. Темекінің зияны тек адам ағзасына тиіп жатқан жоқ, сонымен қоса қоршаған ортаға, жаһандық жылынуға да әсер етіп жатыр. Осы мәселе жайлы, сондай-ақ темекіні қалай қоюға болатыны жөнінде ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыз.