Елімізде теннис спорты қалай дамып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сарапшылардың пікірінше, теннис Қазақстанда ілгері дамып келе жатқан спорттың бірі. Аталған спорт түріне қызығушылық танытушылар баршылық. Дегенмен бәрі бірдей кәсіби деңгейге өтіп, бағы жанып кетпейді. Таяу күндері Уимблдон -2022 чемпионы атанған қазақстандық спортшы Елена Рыбакинаның тарихи жеңісінен кейін тенниске қызығушылардың саны арта түседі деген болжам бар. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі отандық теннистің қазіргі жағдайымен танысып, кәсіби жаттықтырушының пікірін тыңдап көрген еді.