Біз Сауд Арабиясына жоғары сапалы бидай мен ұнды ұзақ мерзімді жеткізуші ел болуға дайынбыз - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына ресми сапары аясында ынтымақтастықты кеңейтудің мейлінше перспективті салаларын белгілеп берді. Ең алдымен, бұл екіжақты сауда-саттыққа қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.