Балалар футболына көңіл бөлуіміз керек – қызылордалық бапкер
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық жанкүйерлер 2000 жылдарға дейін қызылордалық «Қайсар» командасында ойнаған Нұрлан Әбуовтің есімін жақсы біледі. Тасқамал қақпашы ретінде танылған ол беріде аталған клубта басшылық қызметтер атқарды. Жанкүйерлер тарапынан «Әбуов қазір қайда жүр?» деген сауал жиі қойылады. Белгілі қақпашы өзі жаны сүйетін футболдан алысқа ұзап кеткен жоқ. Жасөспірімдерге спорттың қыр-сырын үйретіп, бапкерлік қызмет атқарып жүр. ҚазАқпарат тілшісімен жүздесу барысында футболды дамыту, оған балалар мен жасөспірімдерді баулу, инфрақұрылымды жақсарту жайында ой қозғалды.