Халықаралық армия ойындары тамызда Қазақстанда өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тамыз айында елімізде халықаралық армия ойындары аясында «Тактикалық мерген» конкурсы басталады. Әр елден келген әскери қызметшілер жауынгерлік шеберлігін жеке және топ құрамында көрсетіп, оқ атудан жарысады. Сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілер Кабардин-Балқардағы Теріскөл кенті маңында тау бөлімшелері арасында өтетін «Эльбрус шеңбері» конкурсына қатысады. Екі конкурстың шарттары мен ерекшеліктері жайында Қарулы күштер арнайы операциялар қолбасшысының орынбасары, полковник Абай Абдуллаев толығырақ айтып берді.