Менің қателерім туралы
Осы жылы 3-августе шыққан 150 номерлі «Советская степь» газеті мен «Еңбекші қазақтың» сол жұлдыздағы номерінде Жүсіпбекұлының «Сәкен мен Сәкеншілдік» деген мақаласы шықты. Біздің бұрынғы-соңғы қателеріміз бен адасқандарымыздың жалпы түрлерін сөз қылып, теріп жатудың қажеті шамалы. Сондықтан тұп-тура: 1) жік тартысына қалай қатынастым, 2) осы қателерімізден не таптық 3) сол өткен қателерге кәзір қалай қараймын деп түгел айтып көрейін.
1917 жылы Уақытша үкіметпен, алашордамен тартысып, ол жұмыстан аз уақыт қол үзіп (Колчактың абақтысында болғандықтан), 1920 жылы Орынборда болған жалпы қазақ советінде Алашорда бастықтарының съезге қатынасуына қарсы топтасқан жікте болдым. Өйткені Бөкейханұлы, Байтұрсынұлы және басқа алашордашылар съезге делегат болып келіпті. Бұларға қарсы...