Танымал туристік орындарда 490-нан астам қоғамдық дәретхана жетіспейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның туристік дестинациялары мен гранд-турларындағы инфрақұрылымның жай-күйіне зерттеу жүргізді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін зерттеу нәтижелері мен қосымша ұсыныстар әкімдіктер мен бейінді мемлекеттік органдарға жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.