Қазақстандық колледждерде алғаш рет жұмыс берушілер күні өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміз бойынша 700-ден астам колледж алғаш рет Жұмыс берушілер күнін атап өтіп жатыр. Іс-шараға ірі компаниялардың, шағын және орта бизнестің 4 мыңнан астам өкілі қатысып отыр, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.