А.Байтұрсыновтың тарих ғылымына қосқан үлесі
Биыл А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл, осыған байланысты қазақтың біртуар азаматының және оның ғылыми мұрасын қайта зерттеп, ғылымға үлес қосу ең маңызды болмақ. Мемлекет жəне қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, əдебиет зерттеуші, түркітанушы, ақын, публицист, педагог, аудармашы А. Байтұрсыновтың еңбектері ешқашан тарихи маңызын жоймайды.
А.Байтұрсынұлы барлығымыз тіл білімінің маманы ретінде білеміз, алайда, оның белгісіз тұстарының бірі тарих ғылымына қосқан үлесі екендігін бәріміз біле бермейміз. Оның мұраларын, қалдырған мирасын болашақ ұрпаққа таныту, меніңше, біздің парызымыз.
Өз еңбек жолында Ахмет Байтұрсынұлы бірқатар шығармаларын тарихқа арнаған. Ол алғашқылардың бірі болып тарих ғылымының методологиясына көңіл бөледі. Ахмет Байтұрсынұлы тарих ғылымына...