Оқушылардың сабақта 30 минуттан артық телефон қолдануына рұқсат жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ашық талқыға шығарған құжатта мектепалды және жоғарғы сынып оқушыларының сабақта гаджетпен жұмыс істеу уақытын белгілеу ұсынылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.