Алдағы 7 жылда жеке секторды және заңсыз бәсекелестікпен күресті күшейту қажет – экономист
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық экономист Қуаныш Жайықов сайлаудан кейінгі ел экономикасының даму бағыттарына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, алдағы 7 жылда жеке секторды және заңсыз бәсекелестікпен күресті күшейту қажет. Бұндай пікірді ол Jibek Joly телеарнасында өткен сайлау тақырыбына арналған ток-шоуда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.