2023 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы 58-ге түседі деген ақпарат жалған - министрлік
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ҚР Президентінің Жарлығымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендейтіні, сондай-ақ Қазақстанда 13-ші зейнетақы төлемі енгізілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.