«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты пікірсайыс турнирі өткізілді
"Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру («Т.Рысқұлов – адалдық алаңы» жобасын қолдау» әлеуметтік жобасының аясында Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылдық округі, Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты пікірсайыс турнирі өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруды қалыптастыру мен көп тілді меңгерген жастарға көмек көрсету, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей білетін азаматтар даярлау, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету, пікірсайысшылардың...