"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама» атты қоғамдық қабылдау өткізілді
"Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру («Т.Рысқұлов – адалдық алаңы» жобасын қолдау» әлеуметтік жобасының аясында 18-қараша күні Құлан ауылдық округі, Халыққа қызмет көрсету орталығында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама» атты қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қоғамдық қабылдауға 14-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, аудан тұрғындары, жеке кәсібін ашатын немесе кәсібін дамытушылар, түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдау тетіктері, тұрғын үй, жұмысқа орналасу, әлеуметтік және құқықтық көмек қажет ететіндер, орта арнаулы оқу орнын бітіруші студенттер, орта мектепті бітіруші түлектер түрлі...