Екібастұзда 149 көпқабатты тұрғын үй жылудан уақытша ажыратылды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 18:00-де Екібастұзда № 52 орталық жылу пунктінің жылу желілеріндегі зақымдануды жою және жапқышты ауыстыру үшін жылу желілерінің магистралі ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.