«AMANAT»-тың мәслихаттарға партиялық тізімдері 75%-ға жаңарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «AMANAT»-тың өңірлік және аумақтық филиалдары конференцияларының қорытындысы бойынша партиядан облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының мәслихаттарына тізімдер бекітілді. Сондай-ақ облыстық және аудандық мәслихаттарға бірмандатты округтер бойынша кандидаттар ұсынылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.