"Дала уәлаяты" газетіндегі ауыз әдебиеті үлгілері
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Журналистика Факультеті, 1 курс
1888 жылдан бастап 1902 жылдың көктем мезгілінің ортасына дейін Омбы қаласында ресми түрде шығып тұрған газет ол – « Дала уәлаяты газеті». Бұл газеттің алдына қойған жалғыз мақсаты – қараша халықты үкімет тарапынан шығарылған заңдар , жаңалықтар және де бұйрықтардан хабардар етіп отыру және қазақ халқының сауатын ашу болды. Газет ауыз әдебиетінің көмегі арқылы әлеуметтік проблемаларды көтеріп отырған. Қазақ халық ауыз әдебиетінің жанданып жарқырауына септігін тигізіп ғана қоймай, мәдениет, шаруашылық, ғылым жаңалықтары жайында да жазып отырған. Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ешмұхамед Абылайханов деген алыптар басшылық еткен бұл газет – халықтың сауатын ашуға тырысты , сонымен қатар , бұл кісілерден бөлек тума таланттардың...