Түркістан уалаятының газеті» -тұңғыш қазақ басылымы.
Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап қазақтың тұңғыш басылымы “Түркістан уәлаятының газеті” жарық көрді.Орыс тілінде шығатын “Туркестанские ведомости” газетіне қосымша ретінде айына төрт рет екі басылымы қазақ тілінде екі басылымы орыс тілінде шығарыла бастады. Басылым қазақ халқының саяси көз қарасына мәдени ой пікірінің оянуына елеулі әсер етті.
“Түркістан уәлаяты газетінің” ресми және ресми емес деп аталған басты екі бөлімі болды.Ресми бөлімінде патша өкіметінің бұйрық,жарлықтары,үкімдер жарияланып түсіндірілсе,ресми емес бөлімінде егіншілік, мал шаруашылығы,отырықшылық, мәдениет,өнер ,әйел теңдігі қаралды.Оған кезінде газет беттерінде жарияланған «1731 жылы Қазақстан Россияға бодан болуы» туралы мәселелермен қатар, қазақ даласындағы Кенесары хан, Сырым, Исатай-Махамбет батырлар бастаған азаттық көтерілістердің...