“Дала уәлаятының газетіндегі” ауыз әдебиеті үлгілері және көтерілген мәселелері
“Дала уәлаятының газеті” 1888 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін жарық көріп тұрған. “Дала уәлаятының газеті” патша үкіметінің органы болғанымен, қазақ халқының өмір-тұрмысында үлкен рөл атқарған басылым. Газет авторларының құрамында Қорабай Жапанов, Асылқожа Құрманбаев, Мұхаметжан Сералин сынды халық арасынан шыққан адамдар да болған. «Дала уәлаяты газетінің» редакторлары болған И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, Д.Лавров. Газетті қазақша шығару ісін басқарушылар: Е.Абылайханов, Д.Сұлтанғазин. “Дала уәлаятының газеті” ауыз әдебиеті үлгілерін де жариялап отырған. Атап өтсек, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариндардың аударуымен Л.Н. Толстойдың “Ұзақ пен көгершін”, “Өтпес пышақ” сияқты әңгімелері жарияланып отырған. Газете тіл мәселесі, әйел теңдігі сынды халықтық мәселелер көтерілген.
...