Күләш Бәйсейітованың қызы өмірден озды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қанабек Байсеитов пен Күләш Бейсеитованың қызы Қарлығаш Қанабекқызы 83 жасына қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.