Қазақстан мен Әзербайжан арасында 2022 жылы сауда айналымы 39%-ға өсті
БАКУ. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 461,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%-ға көп (332,2 млн доллар), делінген ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының есебінде. Бұл туралы ҚазАқпарат меншікті тілшісі хабарлайды.