Алматы-Бішкек тас жолындағы апаттан 4 адам зардап шекті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 4 ақпан сағат 22:20 шамасында ГАЗ көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Алматы-Бішкек автожолымен шығыс бағытта келе жатып, 82-шақырымда рөлді басқара алмай, аударылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.