Режеп Тайып Ердоған Түркияда жер сілкінісіне байланысты жалпыұлттық аза тұту жариялады
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Мемлекет басшысының тиісті жарлығын дүйсенбіде оның баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.