Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2023

Михаил Ломтадзе алғаш рет Kaspi.kz-тің ішкі құрылымы туралы айтты

0
Михаил Ломтадзе алғаш рет Kaspi.kz-тің ішкі құрылымы туралы айтты

Digital Almaty форумында Михаил Ломтадзе Қазақстандағы ең инновациялық және технологиялық компания Kaspi.kz-тің жұмысы қандай принциптерге құрылғаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Миссия – өмірді жақсарту

"Мен осы жерде кәсіпкерлер, жас жігіттер, стартаптар отыр деп үміттенемін немесе сіз жәй ғана басқа компанияда жұмыс істеуіңіз мүмкін. Мүмкін бұл сізге пайдалы болатын шығар, - деп бастады, Kaspi басшысы – Мен біздің миссиямыз сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық қызметтерді жасау екенін ылғи айтып жүрмін. Алдыңғы спикер метағалам туралы айтты. Қазір метағалам өмірді жақсарта ма, әлде нашарлата ма, мен оны түсінбеймін. Біз мұны түсінбегендіктен метағаламмен айналыспаймыз. Бірақ оның өмірді жақсартуға көмектесетінін көрсек, онда назар аударамыз. Біз үшін миссия – супермаңызды".

Шексіз инновациялар

Михаилдың айтуынша, Kaspi.kz-те инновация бар, ал бюджет жоқ деген болмайды. "Бізде қызметкерлермен отырып, қандай да бір өнім туралы талқылаған кезде, біреуі тұрып "Менде жақсартуға, инновацияға, жаңа бизнеске бюджет жоқ" деген жағдай болмайды. Компанияда инновация мен жақсаруға шектеу жоқ.

Жеке жауапкершілік

"Клиентке бағытталған компания – бұл клиенттің осы компаниядағы адамдарға өнім туралы кез-келген сұрақты қойып, жауап ала-алуы, - деп түсіндірді Михаил, - сенің 12 миллион клиентің болған кезде, клиентпен сөйлесу тиімді болуы үшін түрлі аралық каналдарды – чат немесе тегін колл-орталық ұйымдастыра бастайсың. Бірақ біздің қосымшадағы әр өнім, қызметтің тікелей жауапты адамы, тікелей жауапты командасы бар. Әр бизнесті дамыту және стратегиясымен айналысатын көзбасшысы бар".

Қаржылық көрсеткіш жоқ және сапаға мотивация

"Әрине, топ-менеджмент деңгейінде біз цифрларға, негізгі тиімділік көрсеткіштеріне қараймыз. Бірақ компания деңгейінде жалпы қаржылық көрсеткіштер жоқ. Тек өнімдер мен қызметтер жұмысының сапа көрсеткіші бар", - дейді Kaspi.kz басшысы.

Оның айтуынша, компанияда өнімдер сапасын бейілділік индексі - Net Promoter Score (NPS) арқылы бағалайды. Әр ай сайын Kaspi.kz-те 50 мыңнан астам клиентке хабарласып, пайдаланған өнімдері мен қызметтері туралы пікір сұрайды. Өнімге жауаптылар мен өнім жасаушы команда кейін сервис туралы пікірді тыңдап, ары қарай сапасын жақсартуға пайдалану үшін әңгіме барысы жазып алынады.

"Біз өте қарапайым екі сұрақ қоямыз. Бірінші - сервисті достарыңызға ұсынуға қаншалықты дайынсыз? 1-ден 5-ке дейін бағалауды сұраймыз. Екінші - неліктен мұндай баға қойдыңыз? Кейін командаға жауаптылар жазып алынған пікірді тыңдап, ол жерден өнімді ұдайы жақсартып отыру мен инновациялар үшін идея алады", деп бөлісті компания басшысы, - Бұл пікірлерде бастысы сізге баға қоятыны емес. Бастысы, отырып, құлаққапты киіп, клиенттердің сіз ұсынатын қызмет туралы, сіз туралы ой-пікірін тыңдау. Нәтижесінде көзіңіз ашылады, адамдар кейін алғыс айтатын керемет өнімдер жасай бастайсмыз". Идеяларды қайдан алады?

Сонымен қатар Kaspi.kz идеяларды өнімді қолданудағы жеке тәжірибе, клиенттермен сөйлесу, әлеуметтік желідегі пікірлер, қызметкерлер мен әлемдік тәжірибеден де алады.

"Мен кейде басқалардың өнімін көріп, бұған қалайша жол берді деп ойлаймын. Компания басшысы ол өнімді өзі пайдаланады ма? Тіркелу мүмкін емес, шығу мүмкін емес. Біз қызметтерді өзіміз үшін жасаймыз, өнімдерді өзіміз пайдаланамыз", - деді Михаил Ломтаде жеке тәжірибесі туралы.

Идея – өнім – дизайн – тестілеу – әзірлеу - іске қосу - кері байланыс - идея

Өнімге жауапты адам алдымен идеяны үш параққа жазады. "Ол досыңыздың ең маңызды он сұрағына жауап бергендей: өнім қалай жұмыс істейді, ол клиенттерге, Kaspi - ге, серіктестерге не үшін қажет", - деп түсіндірді Михаил. Идея мақұлданғаннан кейін дизайн және тест кезеңі басталады. Тест кезінде команда жаңа идеялар алуы мүмкін және сәйкесінше дизайнды жақсарта алады. Технологияны жасауға кіріскенге дейін көп уақыт пен күш жұмсалады. "Компанияларда көбіне әзірлеушілер өнімді көргенде, "Қап, мұны істеу мүмкін емес", деп ойлайды. Шындығында, IT - де өте ақылды жігіттер жұмыс істейді, сондықтан олар дұрыс емес нәрсе істеп жатқаныңызды сыни тұрғыдан бағалай алады. Біздің жағдайда дизайн және тест кезеңдеріне көп уақыт жұмсаймыз, ал дайын өнімдерді кезең-кезеңімен іске қосамыз".

Компанияда өз жұмысының нәтижелеріне сезімсіз қарайды. "Қанша ақша мен күш жұмсалғанына қарамастан, өмірді жақсартпайтынын түсінсек, бұл өнімді кез-келген кезеңде тоқтатамыз", - деп түсіндірді Михаил Ломтадзе.

Егер өнім іске қосылса, кері байланыс, жаңа идеялар пайда болады, үздіксіз дамыту мен инновациялардың келесі кезеңі басталады.

Михаил өз сөзін аяқтай отырып, бір жылдан кейін Kaspi-де бәрі басқаша жұмыс істеуі мүмкін екенінмойындады. Өйткені компанияда жұмысты қалай жақсарту керектігі туралы үнемі ойланады.

"Компанияда жұмыс істейтін команда және бізді құндылықтар деңгейінде біріктіретін миссия өзгеріссіз қалады. Бұл заттар Kaspi.kz-те ешқашан өзгермейді. Ал қалғанына келсек, біз үнемі сізді таңқалдыратын нәрсені ойлап табамыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Губернаторы России
Москва

Собянин открыл пешеходную галерею между станциями метро и МЦД-4 Кутузовская





Москва

Пушинка из Космоса спасёт либо снесёт США? Научные важные данные. Проект «Святой Ленин».


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: Начался прием заявок на конкурс грантов для социальных НКО



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Владимир Высоцкий

Документальный спецпроект — Главком ВМФ адмирал Владимир Высоцкий (03.06.2024)




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Дмитрий Вязьмикин – тренер по индивидуальной подготовке молодежного футбола «Локо»

После концерта и в дождь дороже: как складываются цены на поездки на такси

В филиалах АО "Желдорреммаш" прошли мероприятия ко Дню защиты детей


Анастасия Потапова

Потапова о поражении от Свентек на "Ролан Гаррос": организм дал сбой



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

"Святой Ленин" спасает мир и возглавляет "восстание ИИ машин... хороших по существу". 8 серия, СЕРЬЁЗНЫЕ НОВОСТИ.



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России