Ташкентте құны 1 миллиард доллар болатын күн батареялары орнатылады
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасында жаңартылатын энергия көздерін енгізуге 1 млрд АҚШ долларын бөлу жоспарлануда. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елдегі энергия тапшылығы мәселесіне арналған жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі республика басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.