Қазақстан құтқарушылары Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмысына қатысты соңғы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.