Қарағанды облысында 12 мың жұмыс орны ашылады - әкім
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 2023–2025 жылдар аралығында 18 заманауи мектеп салынбақ. Сондай-ақ, өңірде 12 мың жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы Президенттің қабылдауы кезінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.