Астанада көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада автомобильдердің қоғамдық көлікке арналған жолақта қарбалас уақыттан тыс және демалыс күндері жүру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл жайында елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап хабарлады.