Мультимедиалық журналистика, жаңа тенденция
"Бүгінгі журналистика – жол-жөнекей жазылатын әдебиет" Арнольд Мэтью
Өркениет, технологиялардың талпынды дамуы, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына жаңа жанрлар мен тенденциялар әкелді.
Ғаламтор дүниеге келді, адамзат жаңа цифрлық өркениетке көтеріліп, жаңа деңгейге жаңара түсті. Әрине, бұл өзгерістер журналистика саласын айналып өтпейді, тіпті тікелей әсер етеді. Ғаламтордың келуі, және технологиялық революциялардың дамып, өзгеріске ұшырауы, дәстүрлі ақпарат тарату жолдарының жаңа түрі "Мультимедиалық журналистика" саласының пайда болуына жол ашты.
Мультимедиалық журналистикаға интерактивтілік, жылдамдық және қолжетімділік сәйкес. Осы жаңа медиаконтекстінің арқасында қоғам өмірінде, жалпы журналистика аясында жаңа медиакеңістіктің негізі қаланды. Мысалы, республика аймағында таралған отандық газет- журналдардың, телеканалдардың өз ресми сайттары бар. "Егемен Қазақстан" газетінің сайты "egemen.kz", "Жас Алаш" газетінің сайты "zhasalash.kz", "Хабар...