Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі талқыланды
ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісі аясында Ұлыбританияның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тим Торлот пен Корольдік бизнес және сауда департаментінің сарапшыларымен келіссөздер өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.