Қарияны өрттен құтқарған азамат медальмен марапатталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорған қаласында өртке оранған пәтерге ойланбастан кіріп, қарияны аман алып шыққан Ерік Қасымбеков «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.