Қарағандылықтар бір жыл ішінде пациенттерді қолдау қызметіне 3 мың рет жүгінген
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық медициналық ұйымдарда - ауруханаларда, клиникалар мен емханаларда пациенттерді қолдау қызметтері жұмыс істейді. Олар жұмысты ұйымдастыруда әртүрлі болуы мүмкін, бірақ бәрінің мақсаты бір - пациенттердің өтініштерін, соның ішінде шағымдарды уақтылы қабылдау және қарастыру.