Алакөл әкімдігінің резиденциясы ерекше балаларға арналған жазғы лагерь болады
АЛАКӨЛ. ҚазАқпарат - Алакөл ауданы әкімдігінің резиденциясы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға пайдаланылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жетісу облысы әкімдігіне сілтеме жасап.