Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 40,6 мыңнан асты
АНКАРА. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат - Эпицентрі Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған екі жойқын жер сілкінісінің құрбандары саны 40 642 адамға жетті. Бұл туралы сенбі күні Анкарада өткен брифингте Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.